Телеарналар мен ғаламторда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған визуалды бағдарламалар шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Телеарналар мен ғаламторда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған визуалды бағдарламалар шығарылады

Телеарналар мен ғаламторда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған визуалды бағдарламалар шығарылады

Отандық телеарналарда және ғаламторда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған визуалды бағдарламалар жарық көретін болады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Біз телеарналар мен ғаламторда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған визуалды бағдарламаларды енгізуді жоспарлап отырмыз. Өз еңбегімен табысқа жеткен кәсіпкерлердің тарихын, сондай-ақ әр түрлі салаларда алғаш бизнес құруға бағытталған бейнефильмдер көрсетеміз», — деді ол.

Министрдің атап өтуінше, «Даму» қоры «табыс тарихы», «Арнайы репортаж» және «Бизнес аумағы» атты бағдарламалар әзірлеген. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша стартаптардың 100 үлгі жобасын қамтитын бизнес-идеялар жиынтығы кеңінен таратылмақ.

«Бұл кәсіпкерліктің беделін көтеруге, бизнесті тек тендер арқылы ғана жасауға болады деген стереотипті жеңуге, одан кейін елде бизнес дәстүрлерін дамытуға, оның мамандануын кеңейтуге мүмкіндік береді», — деді Б.Жәмішев.