Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 17-22, кей жерлерде 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы минус 30-35 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. Кей жерлерде сынап бағанасы 38 градусты көрсетуі ықтимал.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, қалалық әкімдік электр желілері мен жол қызметі бойынша апаттық бригадаларды дайындауды, өзге де қауіпсіздік шараларды ұйымдастыуды тапсырды.