Жарысқа Қазақстан өңірлерінен келген қонақтармен қоса шетелдіктер де қатысты.
Жас бүркітшілер арасындағы жарыста алматылық Алмас Сейітжан мен оның бүркіті Ақбалақ жеңімпаз атанды.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, жеңімпаздарды іріктеу барысында бүркітшілердің құсты қолға үйрету дағдылары, құсты басқара білу қабілеті, аң аулау кезіндегі құс пен иесінің үйлесімді жұмысы сарапқа түсті. Бүркіттер қояндар мен қарсақтарға салынды.
Атап өтейік, өткен жылдың соңында Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде құбегілер бөлімі ашылды.