ҚР Үкімет басшысы президент тапсырмаларын орындау жөнінде міндеттерді бөліп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Үкімет басшысы президент тапсырмаларын орындау жөнінде міндеттерді бөліп берді

ҚР Үкімет басшысы президент тапсырмаларын орындау жөнінде міндеттерді бөліп берді

Премьер министр Серік Ахметов қоластындағы қызметкерлерге Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында белгілеген міндеттерді сапалы, әрі уақытында орындау жөнінде тапсырма берді.

  • 21 Қаңтар 2014
  • 260
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы жолдауының маңызы кең екенін көріп отырсыздар, бұл үкімет жолдауды жүзеге асыру кезінде шешетін тапсырмалар көлемі де ауқымды болатынын білдіреді. Бастысы құжатта әлемнің дамыған отыз едінің қатарына кіру жөніндегі жеті бесжылдық шеіберіндегі айқын көрсеткіштер мен кезекділік белгіленген», — деп ол бүгін Астанада үкімет отырысында атап көрсетті.

«Осы орайда ІЖӨ-нің жылдық өсімін кемінде 4%-дан кем емес мөлшерде қамтамасыз ету міндеті тұр, мұнда жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім мөлшері шамамен 4%-4,5%-ға өсіп, шамамен 60 мың долларға жетеді, бұл қазақстандықтардың көпшілік бөлігін орта класқа жақындатары сөзсіз», — дейді ол.

Мемлекет басшысы халыққа жолдауында шынайы және орындалатын міндеттер қойды. Оның үстіне бұл міндеттерге жету амалдарын да ұсынды.

Үкімет басшысы жалпы үкіметтік жоспармен қатар әрбір мемлекеттік органның жолдауда белгіленген мақсаттарға жетудің өз алгоритмі әзірленуі тиіс екенін атап көрсетті.


«Әрбір тапсырма сапалы және уақтылы орындалуы тиіс. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құжатты жүзеге асыру бойынша жалпы мониторинг жүргізуі қажет. Үкімет басшысының орынбасарларына жүйелі негіз бойынша бағыттарға жетекшілік ету жұмысын ұйымдастыру тапсырылады. Үкімет басшысының кеңсесіне жалпы ұлттық жоспарды орындау және оны жүзеге асыруды тұрақты негізде қарастыруды бақылау тапсырылады», дейді ол.

Елбасы жұма күні жыл сайынғы халыққа жолдауын арнады.