Британияда жоғалған қазақ қызы Доминиканнан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британияда жоғалған қазақ қызы Доминиканнан табылды

Британияда жоғалған қазақ қызы Доминиканнан табылды

Ұлыбританияның беделді мектеп-интернатынан қашып кеткен екі оқушы Доминикан Республикасының курортынан табылды,

  • 21 Қаңтар 2014
  • 334
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды lenta.ru Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның тумасы, 17 жастағы Индира Гайниева  мен  16 жастағы Эдвард Баньян Стонихерст колледжінен 13 қаңтар күні қашып кеткен. Олар  таксимен Манчестер әуежайына барып, сол жерден Доминиканға ұшып кеткен. Жасөспірімдер Пунта-Кана курортындағы бес жұлдызды қонақүйге тоқтаған. Екеуі қашқан күннен бастап телефонға жауап бермеген. Ал билет пен қонақүйдің қызметіне ата-аналарының есеп-шотымен байланысты несие карточкаларымен төлеген.

Қазіргі уақытта оқушыларды Ұлыбританияға қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Оларға қатысты қандай тәртіптік шара қолданылары әзірге белгісіз.


Айта кетерлігі, Ланкашир графттығында орналасқан Стонихерст колледжі 1593 жылы ашылған. Ондағы бір жылдық оқу ақысы 30 мың фунт (8 млн.теңге) тұрады.