«Инстаграмдарын өшіріп, телефондарын сөндіріп тастаған»: Бағдат Жұбаныш Orda лигасына өкпесін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Инстаграмдарын өшіріп, телефондарын сөндіріп тастаған»: Бағдат Жұбаныш Orda лигасына өкпесін айтты

«Инстаграмдарын өшіріп, телефондарын сөндіріп тастаған»: Бағдат Жұбаныш Orda лигасына өкпесін айтты

Қазақстандық ММА файтері Бағдат Жұбаныш Orda Global Fights (OGF) ұйымымен арадағы келіспеушілік туралы айтып, жекпе-жектің өтпей қалуы өзіне үлкен шығын әкелгенін мәлімдеді.

  • 9 Шiлде
  • 150
Фото: Видеодан скрин


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Спортшы Alypsok YouTube арнасына берген сұхбатында турнирге толық дайындалғанымен, соңғы сәтте жекпе-жектің болмай қалғанын айтты.

«Orda-дан жекпе-жек сұрадым, берді. Бірақ бірде болады, бірде болмайды деп нақты жауап болмады. Соңында турнир өтеді деді. Салмақ өлшеп, бәрі дайын болған кезде турнир болмайды деді. Мұндай әрекет кәсібилікке жатпайды. Бұл әуесқой облыстық чемпионат емес. Келісімшартта көрсетілген гонорарды төлеңдер дедім. “Дүйсенбі береміз” деген, бірақ содан бері үш аптаның дүйсенбісі өтті. Қазір инстаграмдарын өшіріп, телефондарын сөндіріп тастаған. Бір сөзбен айтқанда, минустамыз. Уақыт та, дайындық та босқа кетті. Күтіп отырмыз» – деді Бағдат Жұбаныш.

Файтердің сөзінше, осы жекпе-жекке келісім бергендіктен, АҚШ-тан түскен ұсыныстан да бас тартуға мәжбүр болған.

«Америкадан да ұсыныс болды. Сол жаққа баруым керек еді. Бірақ Orda-ға жекпе-жек қабылдап қойғаннан кейін бас тарттым. Іштей өкініш болды. Екі ортада қалып қойдық. Қазір ұсақ жарақаттарым бар. Соларды емдеп, алдағы мақсаттарға дайындаламыз», – деді ол.

Сонымен қатар спортшы бұдан былай 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететінін айтып, мансабындағы басты мақсаттарының бірі – осы дивизионда өзін дәлелдеу екенін жеткізді.

«Толықтай 57 келіге ауыстым. Себебі 52 келіде ары қарай өсетін жер жоқ деп ойлаймын. Өзімді көрсеттім. Енді жаңа мақсаттарға жету керек. UFC-ге жете алмасам да, 57 келіде бағымды сынап, бір жерді жарып шыққым келеді. Уақыт өтіп жатыр», – деді Бағдат Жұбаныш.