Қарағандыдағы дәмханада болған өрттен жарақат алғандар саны тоғыз адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы дәмханада болған өрттен жарақат алғандар саны тоғыз адамға жетті

Қарағандыдағы дәмханада болған өрттен жарақат алғандар саны тоғыз адамға жетті

Қарағандыдағы дәмханада болған өрттен жарақат алғандар саны тоғыз адамға жетті.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Тоғыз адам жарақат алған. Олардың арасында дәмхана қызметкерлері ғана емес, жеке кәсіпкер де бар. Зардап шеккендердің денесінің 40-60 пайызын күйік шалған. Олардың үшеуі аса ауыр халде жатыр. Негізінен беті мен қолдары күйген», — деп хабарлайды Қазыбек би аудандық прокуратурасынан.

Бұған дейін жарақат алғандар саны жетеу делінген болатын.

Прокуратураның хабарлауынша, бар қожайыны тамақ пісіруге газ баллондарын пайдаланып, техника қауіпсіздігі талаптарын бұзған.

«Өрт сөндірушілер жарылыс себептері туралы қорытынды бергеннен кейін дәмхана қожайынына қатысты процессуалдық шешім қабылдаймыз», — дейді прокуратурадағылар.


Jessi's Fusion Pub деп аталатын бар бейсенбі күні кешқұрым өртеніп, артынан жиналып қалған ауа мен газ қоспасы жарылған болатын.