Бұл оқиғаны қалалық жедел жәрдем стансасындағылар растады. Аталған мекеменің кезекші бригадалары изоляторға шақырылған болатын. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, қамаудағы 19 адамға көмек көрсетіліп, оның 4-еуі травматологиялық пунктке жеткізілген.
Қазір тергеу изоляторына атыраулық прокуратураның басшылығы барып қайтты. Алайда прокуратура мен изолятор басшылығы осы оқиғаға қатысты мән-жайды анықтауға келген журналистер мен зардап шеккендердің туыстарына қандайда бір мәлімет беруден бас тартты.