Еуропаныңсаяси элитасы Ақордаға бірқатар кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропаныңсаяси элитасы Ақордаға  бірқатар  кеңес берді

Еуропаныңсаяси элитасы Ақордаға бірқатар кеңес берді

Украинадағы жағдай Ақордада талқыланды. Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездесу өткізді.

  • 4 Наурыз 2014
  • 275
Фото - Caravan.kz


Оған Астанаға арнайы келген Австрияның экс-канцлері Альфред Гузенбауэр, Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьневский, Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы әрі Италияның экс-премьері Романо Проди қатысты. Жиында Украинадағы қақтығыс сөз болғанымен нақты не айтылғаны белгісіз. Бір анығы кездесуде, еліміздің экономикалық әлеуетін көтеру мен «Экспо» көрмесін өткізуге әзірлік жайы да сөз болды. Айта кетсек, президент жанындағы халықаралық консультативтік кеңес 3 жыл бұрын құрылған. Онда Қазақстан үшін маңызды мәселелер мен әлемдегі ахуал жіті сараланып отырады.