Жол апатынан 9 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол апатынан 9 адам қаза тапты

Жол апатынан 9 адам қаза тапты

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты! Күре жолдың бойында екі автобус соқтығысып, 9 адам ажал құшты. Тағы 7 жолаушы ауруханада ауыр халде жатыр.

  • 4 Наурыз 2014
  • 281
Фото - Caravan.kz


Қайғылы оқиға Қордай ауданында болды. Алматыдан Шымкентке шыққан ішінде 55 адамы бар қоғамдық көлік, Қырғызстаннан Алматыға бет алған шағын автобусқа соғылған. Екінші көліктегі 6 жолаушы мен жүргізушісі оқиға орнында тіл тарпай кетіп, тағы 2-уі аурухана керуетінде жан тапсырған. Барлығы Қырғызстан азаматтары. Қаза тапқандардың саны әлі де артуы мүмкін. Себебі жарақат алған 7 жолаушы жансақтау бөлімінде хал үстінде жатыр.