Қостанай прокуратурасының бөлім бастығы мас болып, жол апатын жасағаны үшін жұмысынан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай прокуратурасының бөлім бастығы мас болып, жол апатын жасағаны үшін жұмысынан босатылды

Қостанай прокуратурасының бөлім бастығы мас болып, жол апатын жасағаны үшін жұмысынан босатылды

Қостанай прокуратурасының бастығы Шыңғыс Шерияздановты көлікті мас күйінде басқарып, жол апатын жасағаны үшін жұмысынан босатты, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне

  • 4 Наурыз 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz

Прокуратураның қалалық бөлімінің басшысы 2 наурыз күні алкогольді ішімдік ішіп, сенімхат бойынша BMW маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатып, жол жүру ережелерін бұзған. Ол апаттық жағдай жасап, нәтижесінде «Лада Калина» автокөлігімен қақтығысады.

Жол апаты салдарынан «Лада» жүргізушісі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды. Айыпталушы қала көшелері бойынша сағатына 110-120 шақырым жылдамдықпен жүрген.


«Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша 3 наурыз күні Қостанай облысының прокуроры Ш.Шерияздановқа қатаң сөгіс жарияланып,  жұмысынан босату туралы бұйрық шығарылған», — деп айтылған облыстық прокуратураның баспасөз хабарламасында.