«Бұл ұсыныс танымал америкалық экономист, «жасыл» экономиканың майталманы Джереми Рифкиннен түскен болатын. Шар түріндегі нысанды Елбасы деп атау туралы идея соған тиесілі. Бірақ ол шешім әлі қабылданған жоқ және ол қабылданады ма, қабылданбайды ма, оны білмеймін», — деді ол Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде берген баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, 2013 жылы әлемдік деңгейдегі экономист Джереми Рифкин «ЭКСПО-2017» көрмесінің бас нысаны — биосфераны Елбасы деп атау жөнінде ұсыныс айтқан болатын.