Ресейдің Алтай Республикасы аумағында жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Алтай Республикасы аумағында жер сілкінді

Ресейдің Алтай Республикасы аумағында жер сілкінді

Кеше 2014 жылғы 6 сәуірде Алматы уақытымен 21 сағат 07 минут 55 секундта (Гринвич бойынша 2014 жылғы 15 сағат 07 минут 55 секундта) «ҚР БҒМ СТӘЭ» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеген.

  • 7 Сәуiр 2014
  • 455
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жер дүмпуінің кіндігі Ресей аумағында Алматы қаласының солтүстік-шығысынан 1111 шақырым жерде Ресейдің Алтай Республикасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық күші — 13.1. Тербелісі  MPV 5.5. Жер дүмпуі ошағының координаттары: солтүстік ендікте  — 50.06°, шығыс бойлықта —  87.43°. Тереңдігі — 5 шақырым.

Жер асты дүмпулерінің сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) Зыряновта — 2-3 баллды құрады.