Талай адам пәтерді қымбатқа алды, енді сата алмай отыр - Қаржыгер - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талай адам пәтерді қымбатқа алды, енді сата алмай отыр - Қаржыгер

Талай адам пәтерді қымбатқа алды, енді сата алмай отыр - Қаржыгер

Қаржыгер, қаржылық сауаттылық жөніндегі маман Еркебұлан Әріпбай баспана нарығындағы өзгерістер туралы айтты.

  • 29 Маусым
  • 2
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол “Qasqa Jol” ютуб арнасына берген сұхбатында елдегі несие мәселесі туралы өз ойын айтты.

«Адамдардың мойнындағы несие мәселесін ешкім шешіп беруге міндетті емес. Себебі, өмірімде біреуді желкелеп барып несие алдыртқанын өмірімде көрмеппін. Несиеге жүйе, өмірдің қиындыңы итермелеуі мүмкін. Бірақ, несиесіз де өмір сүретін адамдар бар. Өткенде “Қазақстанда несие 45 млрд доллардың шамасында” деген жаңалық оқыдым. Ол біздің жалпы ішкі өнімнің 15-20%. Америкада ол 68% құрайды. Бізде несиенің түрлері, сапасы өте нашар. Дегенмен, оның ауқымы бойынша ең нашар елге ұқсамаймыз. Айналадағы адамдарға қарасақ, барлығымыз қарызға батып жүрген сияқты сезім болуы мүмкін. Бірақ, ол — ақпараттық бабл.

Балаң туды ма, оның 25 жасқа дейін үйленетінін білесің. Соған дайындалуға кедергі жоқ. Егер ай сайын депозитке 10 мың теңгеден салып отырса, уақыт өте келе қомақты қаржы жиналады. Мәселен, 25 жыл бойы ай сайын 10 мың теңгеден жинаса, шамамен 22 миллион теңге болады. Бұл қаржы тойға да, пәтер алуға да жетеді.

Мен өзім 2018 жылдан бері ақша жинап келемін, оған әлі күнге дейін ттіскен жоқпын. Қызым қазір 3 те. Оған да туылғаннан бастап ақша жинап келе жатырмын. Бұйырса, 18-ге толғанда қолына ұстатамын», – дейді Еркебұлан Әріпбай.

Сондай-ақ, ол ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін шектеу құрылыс саласына кері әсер ететінін де айтты.

“Адамдар пәтерден ақшаны жоғалтпаймын деп ойлайды. Неге олай ойлайтынын түсінбеймін. Мысалы, 2025 жылдың аяғында “НДС көтеріледі, пәтер қымбаттайды” деп жоқ жерден дабыл қағылды. Талай адам пәтерді қымбатқа алды, енді сата алмай отыр. Мұндай ситуациялар экономикада болады.

Пәтер бағасы жуық арада арзандайды деп айту қиын. Банктер де төмен пайызбен ипотека беруге мүдделі емес. Демек, пайыздық мөлшерлеме жағынан шектеу болса, ипотека алу қиын болады. Үйдің бағасын шексіз түсіре алмаймыз. Кез келген дүниенің екі шеті болады. Оның үстіне, тұрғын үй бағасының төмендеуі экономика үшін де тиімді емес. Құрылыс саласында еңбек ететін мыңдаған адам бар. Бұл саладағы өзгерістер еңбек нарығына да, жалпы экономикаға да әсер етеді. Сондай-ақ құрылысқа инвестиция құйған кәсіпкерлер аз емес. Үйдің бағасы арзандай берсе, бұл салаға ақша азырақ келеді. Оның есебін жасау керек”, — дейді ол.