Кіші Буштың інісі 2016 жылғы президент сайлауына қатысуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кіші Буштың інісі 2016 жылғы президент сайлауына қатысуы мүмкін

Кіші Буштың інісі 2016 жылғы президент сайлауына қатысуы мүмкін

Американың Флорида штатының бұрынғы губернаторы Джеб Буш - экс-президент, кіші Буш Джордждың інісі 2016 жылы президенттікке сайлауға түсетінін жасырмад

  • 7 Сәуiр 2014
  • 465
Фото - Caravan.kz


«Осы мәселе бойынша нақты шешімді мен осы жылдың соңына дейін қабылдаймын. Әзірге ол туралы ойламауға тырысып жүрмін», — деп мәлімдеді Буш жексенбі күні Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

61 жастағы Джеб Буштың Республикалық партияда беделі жоғары. Джеб Буш 1999-2007 жылдар аралығында Флорида губернаторы болып, штат тарихындағы ең танымал губернаторлардың бірі аталды. Егер сайлауда өзінің кандитурасын ұсынса, ол отбасылық дәстүрді жалғастыруға мүмкіндік алады. Оның ағасы кіші Джордж Буш АҚШ-тың 43-ші президенті, ал оның әкесі үлкен Джордж Буш — 41-ші президенті болған.