Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
"2014 жылы уран өндірісі 2013 жылғы деңгейде қалады, яғни Қазақстан шамамен 22,5 мың тонна уран өндіреді, ал "Қазатомпром" үлесіне 12,5 мың тонна келдеі. Біз нарық қажеттілігіне бағытталамыз», — дейді сұхбаттасушы.
Бұрын хабарланғандай, "Қазатомпром" 2013 жылы еншілес және тәуелді кәсіпорындарда қатысу үлесін ескере отырып, 12,6 мың тонна уран өндірді, бұл 2012 жылғыдан 5,9%-ға жоғары.
Қазақстанда былтыр уран өндірісі 22 мың 500 тоннаны құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға артты.