деп Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.
«Әлемдегі қазіргі жағдай транспорттық бағыттарды әртараптандырудың маңызын көрсетеді. Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай жеткізеді. 2013 жылдың мәліметі бойынша, экспорттың көп мөлшері Италияға (27%), Қытай (17%), Нидерланды (13%), Франция (9%) және Австрияға (7%) тиесілі, — деп министр бүгін Астанада мәжілісте өткен үкімет сағатында атап көрсетті.
Бұрын хабарланғандай, Қазақстан 2013 жылы 68,158 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға артық.