Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Әулиеата жұрты үшін жағымды жаңалық. Таразда тұңғыш рет «қазақ күресі» клубы ашылатын болды. Осылайша жергілікті билік ұлттық спортты дамытып, оған жастарды тартуды көздеп отыр.

  • 8 Сәуiр 2014
  • 168
Фото - Caravan.kz

Кенжелеп барып кемелденген «Қазақ күресін» жандандыруға соңғы жылдары ерекше ден қойылып келеді. Бірнеше мәрте «Қазақстан-Барасы», артынша «Еуразия-Барасының» ұйымдастырылуы соның бір айғағы. Қазір аймақта боз кілемде белдесуге ниетті қаракөздердің қарасы қалың. Облыс бойынша 1 жарым мыңы спорттың осы түрімен шұғылданса, оларға 51 бапкер білгенін үйретуде. Енді сұранысқа сай, жергілкті биліктің қолдауымен ұлттық спортқа баулитын клуб ашылып отыр. Ол үшін бюджеттен қыруар қаржы да қарастырылған. Ал, палуандарға жаңа нысан бөлінгенше, олар «Тараз-Арена» спорт кешенінде шеберліктерін шыңдай бермек.

 

Ел чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салып жатқан «Бейбарыс» пен «Арыстан» өзара үшінші кездесуді өткізді. Теміртауда өткен бұл бәсеке алаң иелері үшін күтпеген нәтижемен аяқталды.

Алғашқы екі матчты өз пайдасына шешкен алаң иелері , бүгін сериядағы есеп айырмашылығын ұлғайта түсуді көздеген. Бірақ олардың бұл мақсаты іске аспай қалды. Кездесудің бірінші және екінші кезеңдерінде жауапсыз қос шайбадан соққан атыраулық хоккейшілер ірі есеппен жеңіске жетті. Қонақтар сапында Павел Акользин, Александр Зубков және екі рет қақпаны дәл көздеген Михайл Качулин мергендік танытты. Екі команда арасындағы серия бүгін қайта жалғасын табады.

 


Биылғы «Тур ФЛАНДРИЯДА » астаналық шабандоздар жоғары нәтиже көрсете алмады. Жалпы классикалық «Тур Фландрия» біркүндігі , велошабандоздар үшін нағыз сынақ болып саналады. Өйткені оның жарыс жолы ұзақ және аса күрделі.

Осымен 98-ші рет жалауын көтерген велотурдың бас жүлдесін швейцариялық Фабиан Канчеллара иеленді. Мәреге онымен үзеңгі қағысып жеткен бельгиялықтар Грег ван Авермат пен Зеп Ванмарке екінші және үшінші орындарды бөлісті. «Астананың» осы жарыстағы үміт артқан шабандозы Борут Бозич 49- шы орынды місе қылды. Ол жеңімпазға 4 минут 12 секунд ұтылса, араға жеті минут салып жеткен Андрей Гривко 59-шы орыннан табылды.