Мұнайды шетелге тасымалдау тығырыққа тірелуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнайды  шетелге тасымалдау  тығырыққа тірелуі мүмкін

Мұнайды шетелге тасымалдау тығырыққа тірелуі мүмкін

АҚШ пен Ресей арасындағы текетірес Қазақстанныңмұнай тасымалына кесірін тигізуі мүмкін. Қырымдағы жағдайға байланысты Америка бастаған батыс елдері Мәскеуге экономикалық санкция салған жағдайда, ресми Астана «қара алтынды» экспорттаудың балама жолын қарастыруға мәжбүр болады.

  • 8 Сәуiр 2014
  • 517
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Мәжілісте Мұнай министрі айтты. Себебі Қазақстанның «қара алтыны» БатысқаРесей құбырлары арқылы тасымалданады. Әзірше, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бірақ санкция салынса, мұнай экспорты Каспий құбырымен Әзірбайжан мен Грузия арқылы тасымалдануы мүмкін. Оның үстіне, Қашағаннан мұнай өндірудің қашан басталатыны белгісіз боп тұр. Айта кетсек, былтыр қыркүйектен бастап ірі кен орнының жұмысы тұралап қалған еді. Ақаудың қашан қалпына келтірілетіні беймәлім. Енді теңіздің астындағы құбырлар тексеріліп жатыр.


Ұзақбай Қарабалин, ҚР Мұнай және газ министрі:

-–Теңіздің астындағы жерінде сондай ақау болуы мүмкін деген, енді сол жерді ашып, ультрадыбыспен соны ашып анықтау керек. Оған теңіздің бетінде мұз болған соң жұмыс жүрмей жатыр.