Астанадан 20 шақырым жердегі ауыл топан судың астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадан 20 шақырым жердегі ауыл топан судың астында қалды

Астанадан 20 шақырым жердегі ауыл топан судың астында қалды

Астана іргесіндегі Талапкер ауылындағы жағдай ушыға түсті.  Бүгін баспаналарын су шайып кету қаупі туындаған ондаған отбасы шұғыл мектепке орналастырылды. Себебі қызыл судың екпіні күшейіп, үйлерге қарай жақындап келеді. Ал, әбден үрейленген тұрғындар үш күннен бері ауыл шетіндегі дамбыны көз ілмей күзетіп жүр.

  • 8 Сәуiр 2014
  • 295
Фото - Caravan.kz

Қайырхан Райханов, Талапкер ауылының тұрғыны:

-17 см көтерілді, қазір мынаны ашатын болса бүкіл ауыл судың астында қалады. Міне, мына тұрғындар барлығының балалары мектепте отыр. Әкімдердің біреуі де жоқ. Енді мынаны ашамыз деп отыр. Ашса, су басады.

Жолдың жағасы міне, мынадай көлге айналған. Сәт сайын көбейіп жатқан судың нақты қайдан келгенін ешкім дөп басып айта алмайды. Тұрғындар: «Есіл мен Нұра өзені тасып, ауылға қарай жайылуда» деп жорамалдап отыр. Ал қауіпті аймақты жұртпен бірге полицейлер де күзетіп тұр. Төтенше жағдай қызметкерлері тасқын жолдың жиегіне дейін көтерілген жағдайда  мына дамбаны ашып жібермек. Су арнайы арық арқылы ауылдың арғы бетіне ағып кетеді екен. Алайда, тас жолға жақын орналасқан үйлердің иелері баспанамызды су басады деп қорқады. Ал бөгетті ашпаса, бүкіл Талапкерді шайып кетуі мүмкін. Қазір ең қауіпті аймақтағы онға жуық отбасы ауылдағы мектепке көшірілген. Құжаттарын құшақтаған жұрт бала-шағасымен оқу ордасының спорт залында отыр. Ал, жағдайға жауапты адам түгілі, бір айдан бері ауылдың әкімі де жоқ екен.


– Әкім жоқ.

– Қайда?

– Әкім жоқ бізде.

– Ауылда әкім жоқ па?

—  Жоқ дедім ғой. Кім саған рұқат берді түсіруге?