СҚО әкімі су басқан ауылға қайықпен жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО әкімі су басқан ауылға қайықпен жетті

СҚО әкімі су басқан ауылға қайықпен жетті

Қызыл судың әлегі Қызылжарға да жетті. Солтүстік Қазақстан облысында тасқын жүру қаупі бар ауыл тұрғындары көшірілуде. 200-дей адам көрші елді-мекендегі мектепке уақытша орналастырылған. Көбі ағайын-туыс жағалап жүр. Бірақ ол ауылдың өзі қауіпті аймақта тұрғандықтан, іргедегі көл мен су қоймаларын бірлесе бекітіп жатыр.  

  • 8 Сәуiр 2014
  • 355
Фото - Caravan.kz

-Түнде екі жарымда шықсақ далада Кішкенекөлде абыр-сабыр жүгіріп жатыр. Мен де үш баламды көтердім де алып шықтым.

Мектеп жанындағы шағын орталықтың мына бөлмесінде әйелдер мен балалар жатыр. Көрші бөлме — ер кісілердікі. Қараталдан көшірілген 45 адамға мұнда жатын орын мен үш мезгіл ыстық тамақ берілуде. Олардың тағы жүзден астам ауылдасы туған-туыстарын жағалап кетіпті.

Қалияш Ташмамбетова, Қаратал ауылының тұрғыны:

-Бәрімізді бір автобусқа тықты ғой, бірінің үстіне бірін үйді, отырсандар отырындар бірдене қылыңдар деп. Ызғытып жүрдік,үлгеру керек. Қаптың өзі көрінбей қалса, өте алмай қаламыз. Қанша халық тұр, айғайлап тұр. 

-Топан су Қаратал ауылына түнгі сағат бірде келген. Шырт ұйқыда   жатқан халықты тәртіп сақшылары мен шенділер күштеп алып шығыпты. Қолдарына құжаттарын ғана алып үлгерген халық бес күннен бері үйлерінен безіп жүр. 

Шұғыл көшуге Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасының ернеуінен асып кетуі себеп болған. Ондағылар айналасы бірнеше күнде қоймадан 108 миллион текше метр суды ағызыпты. Судың беті қайтты дегеннің өзінде қазір мұнда күніне 30 мың текше метр су келіп жатыр. Ол төменде жатқан  Кішкенекөлге барып құюда. Осы көлді жағалай отырған екі ауылдың тұрғындары қазір жағалауды құммен қымтауға шығыпты.


Сағындық Бөлегенов, Қулыкөл ауылының тұрғыны:

-Әйел адамдарға дейін көмекке шықты. Мынау қапты ер адамдар тасыды. Ауылдағы бірнеше Камаздар тракторлар тартылды.  Бір кісідей атсалып, ауыл тұрғындары, үлкені бар кішісі бар, жұмылдырып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды.   Сабырлық болды жаман емес.

Топан су қазір Қаратал мен Қулыкөлді байланыстыратын 8 шақырым жолды екі жерден шайып кеткен. Осы жерде штаб құрып, күні түні күзетіп  жүрген төтенше жағдай мамандарымен бірге облыс әкімі де, Қараталдың жағдайын қайықпен барып көріп қайтты.

Самат Ескендіров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Екі ауылда да  ауылдың ішінде су кірген жоқ. Бірде бір үйге су зиян келтірген жоқ. Жолды ең қысқа мерзімде жөніне келтіреміз, қайыра жөндейміз.

Мұндай жағдай бұл ауылдарда осыдан 30 жыл бұрын болыпты. Қазір шенділер ауыл арасындағы жол жөнге келгенше көшірілгендерді үйді-үйлеріне резеңке қайықпен тасимыз деп отыр.