Оның пікірінше, Жамбыл облысында әр түрлі, соның ішінде экстремальдық туризмді дамытуға болады. «Қаратау, Талас және Қырғыз Алатауы шоқылары альпинизм мен экстремальдық туризмді дамытуға ыңғайлы, — деп түсіндірді А.Веймер. — Турлар бағдарламасына парашютпен секіру, парапланмен ұшу және басқа да қызықты туризм түрлерін енгізуге болады. Теріс-Ащыбұдақ су қоймасы, Балқаш көлі, Алакөл, Билікөл су спортымен және ойын-сауығымен айналысуға қолайлы. Жамбыл даласында шытырман турлар өткізуге де болады. Біздің облыстан шөл далалар мен альпі шалғынына дейінгі жер бедерін көруге болады».
Алайда қазіргі кезде туристік салада өңірдің табиғи әлеуеті тіптен пайдаланылмай отыр деуге болады. Өңір турфирмалары негізінен көшпелі туризм, визалық қызметтер, авиабилеттер сатумен ғана шектелуде. Облыста турфирмалар саясаттармен өте аз айналысаады, онда да тарихи және табиғи көрікті орындарға 1-2 күндік сапарлармен ғана қанағаттанады, деп атап өтті А.Веймер.
«Бүгінде өңірдің туроператорлары туризмнің қай түрімен айналысарын да нақты білмейді, — деп әңгімеледі Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің жетеекшісі Анастасия Толстихина. — Туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметі әлсіз. Облысымызда туристік кластерді дамытуға көмектесу үшін Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы туристік форум ұйымдастырғалы отыр. Осы туристік форум аясында кәсіпкерлер палатасы туризм саласын дамытудың регионалдық проблемалары жөнінде мониторинг жүргізбек».
«Тараз бен Жамбыл облысын туристік индустрия орталығына айналдыру — біздің негізгі міндетіміз. Сауда сияқты туризм саласы да облыс бюджетіне едәуір кіріс әкеле алады. Бұл орайда облыс әлеуеті мол. Ішкі туризмді дамыту үшін ең алдымен мемлекет пен туроператорлардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы қажет», — деп түйді «Золотой караван» туристік орталығының директоры А.Веймер.



