«НҰР-Медиа» бас директорының орынбасары болып Эльдар Сыздықов тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«НҰР-Медиа» бас директорының орынбасары болып Эльдар Сыздықов тағайындалды

«НҰР-Медиа» бас директорының орынбасары болып Эльдар Сыздықов тағайындалды

«Нұр-Медианың» жалғыз құрылтайшысы - «Нұр Отан» партиясының шешімімен бұған дейін партия Хатшысы қызметін атқарып келген Эльдар Сыздықов холдинг бас директорының орынбасары болып тағайындалды.
Э.Сыздықов Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Жапонияның Ұлттық саяси ғылымдар институтын тәмамдаған, мемлекеттік басқару магистр

  • 8 Сәуiр 2014
  • 584
Фото - Caravan.kz

Әр жылдары Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде, Премьер-Министрдің Кеңсесінде, Парламент Мәжілісі аппаратының Ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі мен Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының орынбасары, кейін меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Тағайындауға дейін Э.Сыздықов «Нұр Отан» партиясының Хатшысы лауазымын атқарып келді.

Қазіргі уақытта партиялық холдингке «НҰР-Медиа» құрамына енетін БАҚ тиімділігін арттыру міндеті қойылып отыр.

«Соңғы кезде НҰР-Медиа» холдингінде қаржылай сауықтыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілгенін білесіздер. Сондықтан Эльдар Сыздықовтың тағайындалуы партиялық холдинг құрамына енетін БАҚ қаржылай тиімділігін арттыру жүйесін жақсарта отырып, бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру қажеттілігімен байланысты», — деп атап өтті партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.


Айта кетейік, ағымдағы жылғы қаңтарда «НҰР-Медиа» холдингінің бас директоры болып бұған дейін партияның идеология жөніндегі Хатшысы қызметін атқарған Болат Берсебаев тағайындалған болатын.