Расмуссен Ресейді Украинаның шығысындағы оқиғаларға араласпауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Расмуссен Ресейді Украинаның шығысындағы оқиғаларға араласпауға шақырды

Расмуссен Ресейді Украинаның шығысындағы оқиғаларға араласпауға шақырды

НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ресейді Украинаның шығысындағы оқиғаларға араласпауға шақырды.

  • 8 Сәуiр 2014
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Украинаның шығысындағы оқиғалар қатты алаңдатып отыр. Ресейді араласпауға шақырамын», — деді А. Фог Расмуссен сейсенбі күні Парижде өткен семинарда.

«Украинаның шығысына қарай жасалған әрбір қадам жағдайды ушықтыра түседі», — деді альянс басшысы.

«Біз Ресейді Украинамен шекарада шоғырланған мыңдаған жауынгерін қайтарып, өзінің халықаралық міндеттемелерін құрметтеуге шақырамыз», — деді А. Фог Расмуссен.