«Мұндай әңгімелердің қайдан шығатынын білмеймін. Біз ортақ валюта енгізу мәселесін мүлдем талқылаған жоқпыз. Ол туралы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшарт жобасында да айтылмаған», — деді ол сейсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.
«Яғни, бізде ешқандай ортақ валюта болмайды. Теңге (ұлттық валюта болып – «ИФ-Қ») қалады», — деп сендірді Б.Сағынтаев.