Президент Жоғарғы сот төрағасына бірқатар тапсырмалар берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Жоғарғы сот төрағасына бірқатар тапсырмалар берді

Президент Жоғарғы сот төрағасына бірқатар тапсырмалар берді

Сейсенбі күні президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми сот төрелігінің қазіргі жай-күйін және алдағы уақытта атқарылатын міндеттерді ортаға салды.

  • 8 Сәуiр 2014
  • 339
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы алдағы уақытта қазақстандық судьялардың қызметі сапалы деңгейге көтерілуі тиіс екендігін атап өтті», — деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, ЖС төрағасы елбасының VI судьялар құрылтайында берген тапсырмаларының орындалу барысы, сот өндірісін жеңілдету, сот қызметіндегі қағазбастылықты төмендету, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және сот әділеттелігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жайлы баяндап берді.

Сонымен қатар, төраға Азаматтық іс жүргізу кодексі жобасын әзірлеу жұмыстарының барысы туралы да сөз етті.


Кездесу соңында Н.Назарбаев еліміздің сот жүйесін дамыту мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді.