Батыс Ресейге қарсы қандай санкция қолданса да, Қазақстан кез-келген сценарийге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Ресейге қарсы қандай санкция қолданса да, Қазақстан кез-келген сценарийге дайын

Батыс Ресейге қарсы қандай санкция қолданса да, Қазақстан кез-келген сценарийге дайын

Батыстың Ресейге қарсы қосымша санкциялар әзірлеуіне байланысты Қазақстан үкіметі әртүрлі сценарийлер дайындап жатыр.

  • 8 Сәуiр 2014
  • 486
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Ресейге қатысты санкциялар біздің елімізге қалай әсер етеді? Әзірге оның әсері бола қойған жоқ», — деді ол сейсенбі күні Астанада ҚР президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте.

«Әртүрлі жағдай болуы мүмкін (…). Мұнай бағасы төмендейді дейді. Бірақ, одан тек қана Қазақстан емес, араб елдері, ОПЕК те зардап шегеді ғой. (…) Қандай шешім қабылдаса да, алдын ала жүз рет ойланып алатын шығар», — деді Б.Сағынтаев.

«Сондықтан, біз кез-келген сценарийге дайынбыз. Үкімет қарап отырған жоқ. Шынымен де экономикалық санкциялар енгізілген жағдайда не істеу керек деген мәселенің әртүрлі нұсқаларын әзірлеп жатырмыз», — деп қорытты ол.