Қарағандыда ереуілге шыққан жүргізушілердің негізгі талаптары орындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда ереуілге шыққан жүргізушілердің негізгі талаптары орындалды

Қарағандыда ереуілге шыққан жүргізушілердің негізгі талаптары орындалды

Қарағандыда жоспарды төмендету бойынша ереуілге шыққан жүргізушілердің негізгі талаптары орындалды, деп хабарлады қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Марлен Шалтақов.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 298
Фото - Caravan.kz

«Кеше кешке бригадирлер мен бастықтардың қатысуымен мәжіліс өтті, онда жүргізушілердің талаптары ресми ескерілді. Жоспарды төмендету бойынша негізгі талап жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Әр маршрут бойынша орташа жоспар 2-5 мың теңгеге төмендетілетін болады», — деді М. Шалтақов журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар, олардың мәліметінше, айыппұл санкциясы мен ЖЖМ нормасына қатысты талаптар бойынша пәтуа белгіленбеді. «Ол бұрынғы деңгейде қалды, жолға жүргізушілермен бірге ЖЖМ бойынша отын шығынын тіркеп отыратын контролердің бірге шығуы ұсынылды», — деп қосты қалалық билік өкілі.

Ол қазіргі уақытта жолаушылар тасымалдау үшін басқа тасымалдаушылар көліктері тартылғандығын хабарлады. «Таңертең №3 автопарктен 4 көлік қана шықты, ал қазір жолда 41 көлік (күнделікті желіге шығарылатын көліктердің үштен бірінен аз) жұмыс істеуде. Халыққа зияны тимес үшін қосымша 60 көлікті тарттық», — деп атап өтті М. Шалтықов.

Оның айтуынша, жағдайды заңсыз тасымалдаушылар пайдаланған. Сол бағыттар бойынша қатынайтын «пираттар» пайда болған. Олар жол жүру билеттерін, әлеуметтік билеттерді қабылдамай, жолақысын 100 теңгеге көтерген, ал кейбір жерлерде 200 теңгеге дейін көтерген. «Мұның бәрі заңсыз. Осының жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізудеміз , — деп түсіндірі бөлім басшысы.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағандыда 7 сәуірде №3 автопарктің жүргізушілері мен кондукторлары ереуілге шықты. Олар қаланың тең жартысы жолаушыларын тасымалдайды. Автопарк бастығының айтуынша,  желіге төрт жолаушылар маршрутының 50-ге тарта автобусы шықпаған.

Ереуілшілердің талаптары жоспарды төмендету, бензин беру нормасын ұлғайту, айыппұл жүйесін алып тастау болған.