ОҚО-да мектеп бухгалтері иен дәрігер былық-шылықпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да мектеп бухгалтері иен дәрігер былық-шылықпен ұсталды

ОҚО-да мектеп бухгалтері иен дәрігер былық-шылықпен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында бір мектептің бухгалтері бюджеттік қаражатты жымқырды, ал «жедел жәрдем» дәрігері пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады қаржы полициясының баспасөз қызметінен.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 520
Фото - Caravan.kz


Белгілі болғандай, «жедел жәрдем» стансасының бас дәрігері азаматшадан 368 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл ақшаны алған ол стансаның бір қызметкерін жұмыстан шығаратын болып уәде берген. Дәрігер ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, Сайрам ауданындағы №7 мектептің бұрынғы бас бухгалтері де қаржы полициясының қырағы көзінен таса қала алмады. Оған қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Әйел, қаржы полициясының айтуынша, 2012 жылғы қаңтардан бастап мектептің кейбір оқытушыларының есебіне заңсыз ақша аудару арқылы 9 млн. теңге бюджеттік қаражатты қымқырған.