Қарағандыда салынып жатқан құрылыс нысандарынан заң бұзушылықтар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда салынып жатқан құрылыс нысандарынан заң бұзушылықтар анықталды

Қарағандыда салынып жатқан құрылыс нысандарынан заң бұзушылықтар анықталды

Қарағанды қаласының салынып жатқан құрылыс нысандарында көптеген заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 361
Фото - Caravan.kz

Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментімен бірлесіп Қарағанды қаласының салынып жатқан нысандарды, атап айтқанда тұрғын үй және денсаулық сақтау нысандарына бақылау жүргізілді.

 «Шапағат» шағын ауданындағы тұрғын үйлерді тексеру нәтижесінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалық және нормативтік-техникалық актілерді бір қатар заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтар болсақ,  5 тұрғын үй блогына тұрғындар қоныстанған, бұл ретте құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталмаған, жобаның әзірлеушілерімен белгіленген тәртіпте келісімінсіз қасбет шешімін одан әрі өзгерте отырып, ғимаратты қоршайтын конструкцияларды ауыстыру орындалған, техникалық қабат жоқ және желдетілетін шатыр бойынша шешім жоқ, сондай-ақ жобаны әзірлеушілермен белгіленген тәртіптегі келісім жоқ.

Сонымен қатар, Белинский көшесі бойындағы 1, 2 үйлер ауданындағы құрылыс объектілерін тексергенде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалық және нормативтік-техникалық актілерді бұзу анықталды.


«Жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша барлық құрылысқа қатысушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес оның ішінде тапсырыс берушіге, бас мердігерлерге, авторлық қадағалауға және техникалық қадағалауға әкімшілік жазалау шаралары қабылданған. Берілген нұсқаулардың орындалуы МСҚБ басқармасының және Департаменттің бақылауында тұр», — деп жазылған баспасөз хабарламасында.