Таңертеңгілік аялдамаларда үйірілген жұрт бүгін де діттеген жерлеріне кете алмай қиналды. Ақырында жұрттың көбі жұмыстарынан қалып, студенттер сабақтарына бара алмаған. Сөйтсе,№3автопарктің 170-ке тарта автобусы бағыттарға шықпай қалған екен. Жүргізушілер мен жұмыс беруші арасында болған ұзақ салғыласудан кейін кешке қарай ғана 41 автобус жолға шығып, жағдайды сәл де болса жеңілдеткен. Автопарк қожайындары жүргізушілердің күнделікті тапсыратын жоспарын төмендетуге келісіпті. Бірақ берілетін жанармайды көбейту мен тәртіп бұзылғанда салынатын айыппұлды алып тастау туралы талапқа көнбеген. Бұл дау әлі біразға дейін жалғасатын түрі бар.