БҚО-да жайлы тұрмыс іздеп келген жұрт жер сипап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да жайлы тұрмыс іздеп келген жұрт жер сипап қалды

БҚО-да жайлы тұрмыс іздеп келген жұрт жер сипап қалды

Батыс Қазақстан облысында болашағы жоқ ауылдардан көшірілген жұрт жергілікті шенеуніктерге оңбай алдандық деп шу көтерді. 300 адам «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарлама бойынша Орал қаласының іргесіндегі елді-мекендерге қоныс аударған екен. Бірақ уәде етілген жұмыстың барлығына бірдей жетпейтінін және сыз басқан сапасыз үйлердің тегін емес, жалға берілетінін енді біліп отыр.               

  • 9 Сәуiр 2014
  • 262
Фото - Caravan.kz

Жұмақ іздеп Бөрлі ауылына көшіп келген жұрт енді кері кете алмай жүр. Қабырғасы қақырап жатқан үйлерге оларды осыдан екі жыл бұрын жергілікті шенділер жанын қоярда қоймай ертіп әкелген екен.   

Мәдина Қажқайырова, Бөрілі ауылының тұрғыны:

-Біздер көшіп келгенде аренда болмайды, мына көпбалалы отбасыларға Үкіметтен берілген көмек деді.  Енді сол 2-3 айдан кейін осылай үйлер жалға берілген еді дейді.

Қазір Бөрліктердің бәрі шетінен борышкер. Баспана үшін бас басында 7 млн теңгеден қарызы бар. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын үгіттегендер жаңа ауылда жұмысты да тауып береміз деп желпіндірген екен.      

Зульфат Ханатова, Бөрілі ауылының тұрғыны:

-Біздерді осында әкелгенде халықтың барлығына көмектесеміз, жұмыс жасатамыз деді.  Ссы халықтың бәрін 5-6 баламен көшіріп әкелді. Бізге жұмыс керек!

Осындай 300 тұрғын кезінде болашағы жоқ деп танылған ауылдардан көшіріліпті. Облыс орталығына жақын Бөрліде «бәрі бар» деп сендірген. Бар малын сатып жеткен жұрт енді сан соғып отыр. Уәде етілген жақсы жұмысқа осы күнге дейін ешбірі тұрмаған. Жергілікті билік болса мұның себебін өздерінше түсіндіргендей болды. Майлы қызметке тұруға көбінің мамандығы жоқ. Есесіне, мардымсыз болса да жәрдемақыны уақытылы алғанының өзі жетістік екен шенеуніктерге.          


Владимир Баштовенко, Бөрілі ауылының әкімі:

-Біздер бұл көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға көшіп келуге көмектестік. Жағдайын барынша жасадық. Енді әрі қарай өздері күн көру керек қой? Жалақысы жоғары жұмысты тауып бере алмаймыз.

«Мемлекет жарығы, суы жоқ ауылдардан орталыққа келуге мүмкіндік жасады. Ал әрі қарай қимылдау әркімнің өз міндеті» деп отыр шенеуніктер. Бөрліге біржола жіпсіз байланғандарға бұдан басқа амал да қалмаған. Өйткені кері көшуге шамасы да, қорасында малы да жоқ.