Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесіндегі бюрократиямен күресуге пәрмен берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесіндегі бюрократиямен күресуге пәрмен берді

Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесіндегі бюрократиямен күресуге пәрмен берді

Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесіндегі бюрократиямен күресуге пәрмен берді. Сондай-ақ, судьяларға қара қылды қақ жарып шешім шығарарда ешкімге жалтақтамауды  тапсырды.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 179
Фото - Caravan.kz

Бүгін Ақордаға Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәмиді шақыртқан  мемлекет басшысы қойған талабын судьяларға жеткізуді міндеттеді. Ал еліміздің бас қазысы Қайрат Мәми жеткен жетістіктерін баяндауды ұмытқан жоқ. Алайда Елбасы жақсы көрсеткішке иек арта бермей, судьялардың беделін көтеріп, сот жүйесіне бөлінген ақшаны ақтауды  талап етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:



-Соттардың санын көбейттік. Өздеріңіз сұрағаннан кейін бір судьяға түскен  ауыртпалқ үлкен болды.  Үлгермей жатыр сапасы болмай жатыр деген соң, ол жағын да шештік. Басқада жағдайларын шешіп жатырмыз судьялардың жұмыс істейтін. Сондықтан болашақта үлкен нәтижелер күтуге болады.