Қызылжұлдыз ауылының халқы үйлерінен шыға алмай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжұлдыз ауылының халқы үйлерінен шыға алмай қалды

Қызылжұлдыз ауылының халқы үйлерінен шыға алмай қалды

Ал Көкшетау іргесіндегі Қызылжұлдыз ауылында күн жылығалы орталықпен қатынас үзіліп, жұрт үйлерінен шыға алмай отыр. Өйткені елді-мекенді Красный Яр кентімен байланыстыратын жалғыз жолды су шайып кеткен. Салдарынан оқушылар да бір аптадан бері сабаққа бармапты.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 243
Фото - Caravan.kz


Красный яр кентін «тасқыннан қорғаймыз» деп Шағалалы өзенінің арнасын бұрған кезде шенеуніктер Қызылжұлдызды естен шығарған сыңайлы. Шағын ғана ауылдың жұрты теміржолдың астындағы көпір арқылы қалаға қатынаған екен. Қазір ол жерді су шайып кеткен. Енді балалары бір аптадан бері сабаққа бармай, қалада жұмыс істейтіндері үйлеріне қайта алмай жүр. Қызылжұлдыздықтар көмек сұрап тілшілерге хабарласқанымен, ағыны қатты судан құтқарушылардың арнайы техникасы болмаса өту мүмкін емес. Оның үстіне арнасынан асқан өзен суының көлемі ұлғайып, ауылға кіруге шақ тұр.