Мәжіліс депутаты үкіметтен елдегі нашарқорлық деңгейін төмендету шараларын қолға алуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты үкіметтен елдегі нашарқорлық деңгейін төмендету шараларын қолға алуды сұрады

Мәжіліс депутаты үкіметтен елдегі нашарқорлық деңгейін төмендету шараларын қолға алуды сұрады

Мәжіліс депутаты Талғат Ерғалиев үкіметтен елдегі нашарқорлық деңгейін төмендету шараларын қолға алуды сұрады.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 743
Фото - Caravan.kz

«Біз әскерге шақырылған азаматтарды медкомиссия кезінде, ал, студенттер мен жоғарғы сынып оқушыларын медициналық анықтама беру кезінде ағзада есірткі бар-жоғын анықтайтын «нобайлы» тестерді қолданысқа енгізуді ұсынамыз», — деді ол палатаның сәрсенбідегі жалпы отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімовке жолдаған депутаттық сауалында.

Халық қалаулысы бүгінде еліміздегі нашақорлар саны 50 мыңнан асып-жығылатынын алға тартты.

Оның айтуынша, «бұл цифр нақты емес, өйткені, әрбір үшінші нашақор есепке тұрудан қашқақтайды».


«Статистикаға сүйенсек, 2013 жылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыс саны 4200-ге жеткен. Оның жартысынан астамын жастар жасайды екен» дейді депутат.

Осы орайда ол «үкіметтен нашақорлық деңгейін төмендетуге бағытталған қосымша шараларды қолға алып, есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтуді» сұрады.