Түрмеде жатқан келіншек құтқару қызметін дүрліктірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмеде жатқан келіншек құтқару қызметін дүрліктірді

Түрмеде жатқан келіншек құтқару қызметін дүрліктірді

Атырауда түрмеде жатқан әйел қаланың құтқару қызметін түгел аяқтан тік тұрғызды. 102-ге қоңырау шалған ол вокзалға бомба қойылды деп хабарлаған. Жарылғыш затты іздеген мамандар 250 адамды бірден қауіпсіз жерге көшіріп, әбігерге түсті.   

  • 10 Сәуiр 2014
  • 175
Фото - Caravan.kz


Тайлы-тұяғы қалмай вокзалды түгел тінтіген құтқарушылар ақыры бомба таба алған жоқ. Кейін қоңыраудың түрмеден соғылғаны анықталған. Ақтөбе облысының тумасы бұрын да дәл осылай жалған хабарлама таратып, сол үшін жазасын өтеп жатыр екен. Енді кінәсін мойындаған оған, тағы да қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Вокзалдағы дүрлігісті жергілікті ішкі істер департаменті әуелі «оқу-жаттығу жұмысы» деп хабарлаған. Бірақ, кейін олардың да өтірігі шығып қалды.