Ақтөбедегі №3 емхананың күндізгі стационарында егіліп, есінен танғандардың бірі Галина Безродных қазір ауруханада жатыр. Бүгін ғана оны жансақтау бөлімінен шығарды. Бұған дейін қан қысымымен ауырып жүрген ол, «Актовегин» перепаратымен алғаш рет егілген. Бірақ халінің нашарлауына нақты ненің себеп болғанын тап басып айта алмайды.
Галина Безродных, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Қан қысымым көтерілген соң емханаға көріндім. Ондағылар күндізгі стационарға жіберіп, дәрімен екті. «Актовегин» тамшысын үш күн бойы күре тамырыма салған еді. Ал қалай есімнен танып, ауруханаға түскенімді білмеймін.
Галина Безродныхтан өзге егілген үш зейнеткер қайтыс болған.Марқұмдардың барлығына дәрігерлер бір күнде«актовегин» тамшысын егіпті. Оны имунитетерін көтеру үшін берген. Енді туыстары да осы препаратқа күмән келтіріп отыр. Сол күні осы дәріні №3 емхананың күндізгі стационарында 22 адам қабылдаған. Бірақ зейнеткерлерден өзгелеріне препарат кері әсер етпепті. Десе де, емхана басшылары зейнеткерлердің дәрінің кесірінен өлгеніне сенбейді.
Жәнібек Нармұхамбетов, №3 қалалық емхананың бас дәрігері:
—Тап сол дәріден емес-ау деп ойлаймын. Бірақ, сол нақтысын экспертиза біткесін айтамыз. Бірыңғай дистрибютер эскофармация солардың әкелген дәрілері ғой. Ол Қазақстан бойы әкелінетін дәрі. Бүкіл облыста бар. Біздің қаладағы барлық стационарда күнде құйып жатыр. Ол дәріні жүкті әйел балаларға құюға болады. Ешқандай теріс көрсеткіштері жоқоның әсері болады дейтіндей.
-Қазір емханада күдік тудырған препарат түгел қолданыстан алынып, арнайы зерттеу орталығына сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар, тәуелсіз сарапшылардан құрылған комиссия да тексеруге кірісті.