Жарылғыш пакетті қойған азамат бұл жолғысын да бұрынғы сценарий бойынша жасапты. Яғни, оны есіктің алдына көміп кеткен. Бұрынғы жарылыстардан айырмашылығы бұл жолы қаскөй есік алдындағы камераға түсіп қалған. Бет-ауызын бүркеп алған оның кім екені әлі белгісіз. Бейнетаспаның өзін полицейлер алып кетіпті. Ал, пакетті басып кеткен 23 жастағы жігіт аяғынан айырылып, ауруханаға түскен.
Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:
-Науқастың оң табанының жартысы жоқ. Жарадан қан кеткен. Операция сол бірінші хирургиялық сұрыпталу жасалып, қан тоқтатылып қазіргі таңда жарақаттану бөлмесінде ем қабылдауда. Оң аяғынана түбегейлі айрылды деуге болады.