Әбілязовты экстрадициялау туралы шешімнің күші жойылды - Французсоты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әбілязовты экстрадициялау туралы шешімнің күші жойылды - Французсоты

Әбілязовты экстрадициялау туралы шешімнің күші жойылды - Французсоты

Париж соты БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовты Ресей мен Украинаға экстрадициялау туралы шешімнің күшін жойды.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне оның ресейлік адвокаты Марк Фейгин мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда Парижде кассациялық станция Мұхтар Әбілязовты экстрадициялау туралы шешімді жойып, істі Экс-ан-Прованс сотының қарауына берді. Ол Ресейге де, Украинаға да экстрадицияланбайды», — дейді М.Фейгин.

М.Фейгиннің пікірінше, М.Әбілязов ісінің саяси мазмұны Экстрадиция туралы конвенцияның бұзылуы болып табылады.

«Белшілі оқиғалардан кейін Ресейге халықаралық келісімшарттардың кепілі ретінде сенім білдіру күмән туғызады. Ресей тергеу амалдарын жүргізу кезінде экстрадицияланғандардың барлық құқықтары қорғалатынына кепілдік беретінін дәлелдеуі тиіс», дейді адвокат.

М.Фейгиннің айтуынша, француз соты екі шешім қабылдаған, екіншісі оның қорғалушысының Украинаға экстрадициялануына қатысты. «Өткізіп беру туралы екінші өтініш президент Янукович пен бас прокурор Пшонкенің тұсында жіберілген болатын. Украинада қозғалған іс Ресейде тексеріліп жатқаннан да күмәнді», дейді ол.


Суретте Мұхтар Аблязовтың қызы Мадина (сол жақта), оның күйеуі Ильяс (сол жақтағы екінші) және Мұхтар Аблязовтың адвокаты (оң жақта).