Ол тек журналистер, шенеуніктер, болмаса ауқатты адамдардың үлесіне ғана тиіп жатқан сыңайлы. Дегенмен өзіңіздің ұнатқан әйгілі адамыңызды өз елімізде де "кездестіре" аласыз. Психологтардың айтуынша, біз кішкене кезімізден армандап, құрметтеген кумирімізге түрі ұқсас адам кездестірсек, бірден ғашық болады екенбіз.
Есімізге түсіріп көрелік, бәлкім көшеде, т.б. жерде сіз әйгілі аәртісіңіздің түріне қатты ұқсас бейтанысты көріп қалып, сыртынан ұзақ телмірген кездеріңіз болған шығар?
Негізі, елімізде әлем жұлдыздарына ұқсас отандастарымыздың біршама екеніне көзіміз жетті.
Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Жанар Тулиндинова қазақстандық қыз-келіншектердің арасынан әлемге танымал жұлдыздардға ұқсастарын іріктеп шыққан екен. Фотосуреттер жиынтығын назарларыңызға ұсынамыз. Сыни-пікірлеріңізді Kaz.gazeta.kz парақшасына жазуға болады. Ал ұсыныстарыңызды Zaira Sabitova жеке парақшасына жіберулеріңізге рұқсат.
Жанар Тулиндинова және актриса, модель Девон Аок
Диана Окремова — Дэрил Ханна
Шолпан Әли — Ани Лрорак
Динара Бурлыбаева — Канада актрисасы Кристин Кройк
Әсел Баяндарова — Қытай актрисасы Ли Бинбин
Арай Әлімханова -Француз актрисасы Лейла Бехти
Карла Нұр — оңтүстіккорейлік актриса Пэ Дуна
Махаббат Есен — Дрю Бэрримор
Салтанат Салта — Хлоя Морец
Салтанат Тәшімова — Иоко Оно
Айжан Хамит — Софи Марсо
Лана Винявская — Джейн Марч
Ярослава Науменко — Анджелина Джоли
Зарина Мұхамедали — Одри Хепберн
Мика Ауғанбаева — Злата Огневич
Білесіздер ме, әлемдегі ең сұлу Моника Белуччидің "егізі" Қарағандыда дүниеге келген! Зара Юсупованың ұлты — шешен, жасы — 29-да. Әлеуметтік желіге жазған деректерге сенсек, ол қазір Үнді елінде акушер-гинеколог. Зара өз түрінің италиялық киножұлдыз Моника Белуччиге ұқсастығын мақтан тұтады екен, тіпті барынша еліктеуге де талпынуда.
Мінеки, қарап, салыстырыңыздар! Расымен де Моникадан аумай қалған…Зара Юсупова!
Суреттерді іріктеген: Жанар Тулиндинова
Дизайнер: Лана Винявская















