Атбасарда су басқан аймақтан 150-ден астам адам эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атбасарда су басқан аймақтан 150-ден астам адам эвакуацияланды

Атбасарда су басқан аймақтан 150-ден астам адам эвакуацияланды

Ақмола облысының Атбасар қаласында су тасқыны салдарынан үйлерінен кетуге мәжбүр болған тұрғындарының саны екі есеге артты.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 380
Фото - Caravan.kz

"Жабай өзенінде сәрсенбі күні сағат 18:00-ден бастап су деңгейінің артуы салдарынан қосымша 73 адам эвакуацияланды ", — делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің бүгінгі хабарламасында.

Бұрын хабарланғандай, су басу аймағындағы үйлерден 79 адам эвакуацияланған болатын.

Қазіргі кезде 120 жуық үйді су басты, су деңгейі азаймауда.

Қазір 800 текше метр су сорып алынды, екі су өткізу құрылғысы кеңейтілді, Жыланды және Шерубай өзендерінде мұз кептелісін болдырмау үшін мұздарды жару жұмыстары жүргізілуде.


Қорғаныс дамбалар құм толтырылған қаптармен күшейтілуде.