Малайзиялық ұшақты іздестіру барысында белгілі болған жәйттер - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзиялық ұшақты іздестіру барысында белгілі болған жәйттер

Малайзиялық ұшақты іздестіру барысында белгілі болған жәйттер

Үнді мұхитының ластану деңгейі рұқсат етілген нормадан бірнеше есе артық.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 704
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы із-түссіз жоғалған малазиялық ұшақты іздестіру барысында белгілі болды, деп жазады «Вашингтон пост» басылымы.

Бес апта бойы жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында мұхиттан жүздеген ірі нысан табылған. Олардың арасында жоғалған кемелердің қалдығы, аулар мен антропогендік сипаттағы қоқыстар да бар.

Кез-келген сәтте палубаға шығып, су бетінде қалқып жүрген заттарды көруге болады, дейді мамандар.

Олардың айтуынша, әр бір-екі сағат сайын мұнай өнімдеріне арналған бөшкелерді немесе қалқып жүрген темір-терсек көзге шалынады.


Ең үлкен проблеманың бірі – бір реттік пластик ыдыстар. «10-ақ минут қолданылатын пластик түтікшенің не қажеті бар?» дейді мамандар.