Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыруды азайтады, бірақ, мүлдем тоқтатпайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыруды азайтады, бірақ, мүлдем тоқтатпайды

Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыруды азайтады, бірақ, мүлдем тоқтатпайды

Ресей болашақта Байқоңырдан зымыран ұшыруды азайтады, бірақ, мүлдем тоқтатпайды.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 510
Фото - Caravan.kz

Келешекте Ресей жағының бірегей ғарыш айлағын дамыту жөніндегі жоспарлары да баршылық. Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігі басшысы Талғат Мұсабаев осылай деп мәлімдеді.

«Біз де Ресейдің Байқоңырдан мүлдем кетіп қалмауына күш саламыз. Әрине, олай істей алмайтынын ресми Мәскеу де жақсы түсінеді. «Восточный» ғарыш айлағы салынғаннан кейін ұшыруды азайтары сөзсіз. Десек те, Ресей жағының Байқоңыр ғарыш кешенін дамыту жөнінде біршама жоспары бар. Олар Байқоңырдың бірегей ғарыш айлағы екенін және одан мүлдем қол үзуге болмайтынын түсінеді», — деді ол «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.

«Біз үнемі «қоян-қолтық» жұмыс істеу қажеттігін айтып жүрміз. Ондағылар Байқоңырды мүлдем тастап кете алмайтынын жақсы біледі», — деп атап өтті Т.Мұсабаев.


Ал Қазақстан өз кезегінде «ғарыш кешенінде жұмыс істеуге кірісуі қажет», дейді ол. «Қазір біз «Зениттің» негізінде «Бәйтерек» ЗҒК жасай отырып айлаққа кіріп, бірлесіп жұмыс жасай бастауымыз керек», — деді Т.Мұсабаев.