Қостанай облысындағы мектептердің жартысына жуығы қауіпті жағдайда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысындағы мектептердің жартысына жуығы қауіпті жағдайда

Қостанай облысындағы мектептердің жартысына жуығы қауіпті жағдайда

Қостанай облысының мектептеріндегі шағын қазандықтарды алып тастау қажет.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 556
Фото - Caravan.kz

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, өңірдегі 555 мектептің 205-інде оқу қауіпті. Өйткені, отын қоймалары мен шағын қазандықтар мектеп ғимараттарына жапсарласа салынған.

«Бұл мәселе 80-ші жылдардан бері созылып келе жатыр. Сол бір қиын жылдары балалар тоңбас үшін отын қоймалары мектепке жапсарлас салынған болатын. Бұрын ол үшін ешкім жазаланбайтын. Қазір жағдай өзгерді. ТЖ департаменті бұл мәселені қатаң қадағалап отыр», — дейді басқарма өкілі.

Оның айтуынша, бұдан былай мектеп ғимаратындағы отын қоймалары басқа жерге көшіріледі. Жоспар бойынша бұл жұмыс кезең-кезеңмен, алдағы 5 жыл ішінде жүзеге асырылуы тиіс.


Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, жуырда осындай отын қоймаларының бірі Алтынсарин ауданындағы Николаев ауылдық мектебінің өртенуіне түрткі болыпты. Аталған мектептің қазандығы спорт залда орналасқан көрінеді.