РФ, Қазақстан және Белорусияның бірыңғай валютасын енгізу мерзімі және оның аталуы туралы сөз ету әлі ерте - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ, Қазақстан және Белорусияның бірыңғай валютасын енгізу мерзімі және оның аталуы туралы сөз ету әлі ерте

РФ, Қазақстан және Белорусияның бірыңғай валютасын енгізу мерзімі және оның аталуы туралы сөз ету әлі ерте

Жуық арада Ресей, Қазақстан және Беларусия құратын Еуразиялық экономикалық одақтың болашақ бірыңғай валютасын енгізу мерзімі және оның аталуы туралы сөз ету әлі ерте.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 583
Фото - Caravan.kz

"Бірыңғай валюта енгізу тақырыбы әр түрлі шараларда талқыланады, бірақ оны енгізудің нақты мерзімдері жоқ, бәрі де жағдайға байланысты болмақ", деді "Интерфакске" бірінші вице-премьер Игорь Шуваловтың хатшылығынан.

"Оның қалай аталатындығы туралы да айту ерте", деді ол. Алдында бірқатар БАҚ ЕЭК бірыңғай валютасы 2025 жылға қарай шығарылып, "алтын" деп аталады екен, делінген еді.

Қаржылық-экономикалық блоктағы ведомстволардың біріндегі шенеуніктің сөзіне қарағанда, бірыңғай валюта енгізу мәселесі елеулі түрде 2015 жылдан бастап,яғни Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастаған соң ғана талқылана басталмақ.

Осы кезге дейін бірыңғай валютаға өту тақырыбына сарапшылар дәстүрлі түрде сенімсіздік білдіріп келеді. Ресей мен Беларуссия арасында бұл тақырыпқа қатысты келіссөздердің жүргізілгендігіне бірнеше жыл болды. Басты мәселе-бірыңғай эмиссиялық орталық мәселесі бойынша реалды келісімге қол жеткізілген жоқ.