Мұхтар Әблязовты Франция ешкімге бермейтін болып шешті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Әблязовты Франция ешкімге бермейтін болып шешті

Мұхтар Әблязовты Франция ешкімге бермейтін болып шешті

Қазақтың қалталы банкирін қайтаруға 3 бірдей мемлекет үмітті болған. Ресей, Украина, Қазақстан. Қаңтар айында қашқын олигархты осы елдердің біріне экстрадициялау туралы шешім де шыққан еді.

  • 11 Сәуiр 2014
  • 268
Фото - Caravan.kz


Алайда адвокаттарының апелляциялық шағымынан кейін кассациялық сот алдынғы шешімнің күшін жойды. Енді істі Лион соты қайта қарауы тиіс. Сол соттың шешіміне қарай, яғни экстрадицияланбайтын болса Әблязов Франциядан саяси баспана да сұрап қалуы мүмкін. Экс-банкирдің адвокаттары осындай мәлімдеме жасап отыр. Естеріңізге салсақ, Әблязов былтыр шілде айында құрықталған болатын. Отанында БТА банкінің бұрынғы төрағасы салымшылары сеніп тапсырған 6 млрд долларды қолды қылды деп айыпталуда. Сондай-ақ экс-банкир Ресей мен Украинада да ірі қаржылық құйтырқы әрекеттерге барып, із суытқан.