Астанада оқушылардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада оқушылардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада оқушылардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл оқиғадан соң тағы екі мектептің асханасы жабылған. СЭС мамандары қазір өзге де білім ордаларын шұғыл тексеруге кірісті.

  • 11 Сәуiр 2014
  • 226
Фото - Caravan.kz


Оның нәтижесінде№18 және №52 мектеп асханасының есігіне қара құлып салды. Бұған Елордадағы мақтаулы гимназияда балалардың жаппай уланып қалуы себеп. Себебі аталған 3 мектепке де бір кәсіпкер қызмет көрсетеді екен. Жеке серіктестік 10 күн бұрын ғана тендерде жеңіске жетіп жұмысқа кіріскен. Бірақ аз уақыттың ішінде, тағамдарына қатысты талай шағым түсіп үлгеріпті. Соңы тіпті қайғылы жағдайға соқтыра жаздады. Қазір алдын-ала болжам бойынша, ірімшіктен ұшынған 3-ші сыныпта оқитын 11 оқушы үйлерінде ем алып жатыр. Санитарлық ережелердің бұзылуына қатысты  қылмыстық іс бойынша, басты күдікке сол жеке кәсіпкер ілігіп отыр. Ал күллі елге аты шыққан гимназиядағы оқыс оқиғаны Білім министрінің өзі бақылауға алған.