Оңтүстіктің үш өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстіктің үш өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді

Оңтүстіктің үш өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар бөлігінде алдағы екі күн бойы ауа райының қолайсыздығы сақталады деп ескерту жасады. Атап айтқанда, 10-13 сәуір аралығында Ақмола облысының Колутон ауылындағы Колутон өзені мен Атбасар қаласының аумағындағы Жабай өзенінде су деңгейі көтеріліп, тасқын болады деп болжады.

  • 11 Сәуiр 2014
  • 447
Фото - Caravan.kz


Сондай-ақ 12-13 сәуір күндері Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында жауын-шашын, кейбір жерлеріне қар аралас жаңбыр жауып, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші секундына 17-22 метрге дейін барады деп отыр. Оның ішінде түнде ауа температурасы 0-5 жылы, кей жерінде 0-5 аяз, ал күндіз 5-10 және 13 градус  жылы болады деп күтілуде.

Бүгін, 11 сәуір күні еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болса, таңертең Ақмола облысында жел күшейіп, 15-20 м/с дейін барады. Павлодар облысының жер-жеріне желдің екпіні 17-22 м/с болып, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысына тұман түсіп, желдің күші 15-20, ал күндіз 25 м/с дейін жетеді.  Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау және Алматы облыстарының кейбір жерлерінде жел күшейіп, екпіні 15-23 м/с дейін болмақ. Ал Жамбыл мен Маңғыстау облыстарында желдің екпіні 15-20  м/с болып, тұман түседі деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.