«Бүгінде тал егіп, көшет отырғызуға арналған орындар белгіленіп, қазба жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қорыта айтқанда Алматы ауданында 1 146 тал егіледі. Қалдаяқов көшесінде 227 тал, №46 көшеде — 319 тал, оң жағалауда Есіл бойында — 500 тал, Теміржол кентінде — 100 тал», — делінген хабарламада.
Есіл бойынан коттедждер қалашығына дейінгі, сонымен қатар Қоянды көлі маңына ерекше назар аударылады. Сол маңда орналасқан барлық кәсіпорындар мен мекемелер тазалық жұмыстарымен айналысады.