Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, бейсенбі күні таңғы 4-тер шамасында «Алмалы» ауданы полициялық кезекші бөліміне жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабар келіп түскен.
Ерлі-зайыптылар мен олардың танысы түнде үйлеріне келе жатқанда қоқыс жәшігінен жылаған баланың дауысын естіген. Барып қарағанда шүберекке орап пакетке салынған шақалақ қызды тауып алған.
Келіп жеткен жедел жәрдем балаға дәрігерлік көмек көрсетіп, бөлімшеге жеткізген. Дәрігерлер қыздың екі-үш сағат бұрын дүниеге келгенін анықтаған.
Жедел шара барысында полиция қызметкерлері нәрестенің анасын тауып алған.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.